К основному контенту

Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы

Асқынған гипертензиялық кризде жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігінің, коронарлық қан айналысының жедел бұзылуының белгілері, динамикалық, геморрагиялық немесе ишемиялық типті инсульт түріндегі ми қан айналысының бұзылу белгілері анықталады. 




 #Доставка по всем городам Казахстана (Алматы, Шымкент, Астана, Караганда, Актобе, Тараз, Павлодар, Усть-Каменогорск и д. р.) осуществляется различными курьерскими службами и почтой в самые короткие сроки. 

 #Gipertox – дай отпор гипертонии
Предложение действует на сайте .. https://goo.gl/ocwSqk — ЦЕНА СО СКИДКОЙ 50%



Ми қан айналысының бұзылуы көбіне мидың ұсақ артерияларының микроаневризмаларының (Шарко – Бушар аневризмаларының) жарылуымен байланысты.
Инсульттердің морфологиялық негізі атеросклерозды өзгерген тамырлардың тромбозы немесе ми артерияларының эмболиясы (жыбыр аритмиясы болса, немесе сол жақ қарынша қуысында тромб болса) болуы мүмкін. Көрсетілген морфологиялық өзгерістер микроангиопатия тобына кіреді.
ГА тамырлардың жарылуынсыз және тромбозсыз өткінші неврологиялық симптоматика болуы мүмкін. Мұндай жағдай АҚҚ өте тез түсіп кеткенде байқалады.
ГА-да ми затына қан құйылудан басқа субарахноидалық қан құйылуы да мүмкін.
Эссенциальдық АГ қолқаның шарбыланған аневризмасының басты себебі болып табылады.
ГА-да артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуі ұсақ тамырлардың жарылуына байланысты әр түрлі аймақтың тамырларынан қан кетуді тудыруы мүмкін: мұрыннан қан кетуді, тыныс жолдары мен асқазан-ішек жолдарының кілегей қабығынан қан кетуді.
Жедел және созылмалы жүрек әлсіздігі гипертония ауруында сол жақ қарыншаның патологиялық гипертрофиясының және қосалқы ЖИА нәтижесі болып есептеледі. Жүрек әлсіздігінің дамуына жүрек аритмиясы (жыбыр аритмиясы) жағдай туғызады.
Жедел жүрек әлсіздігі әдетте қан қысымы кенет күшті көтерілгенде немесе жүрек аритмиясы қосылғанда бой көрсетеді.
Созылмалы жүрек әлсіздігінің алғашқы белгілері диастолалық дисфункциямен және сол жақ қарыншаның серпінділігінің төмендеуімен байланысты болса, кейін ол механизмдерге систолалық дисфункция қосылады.
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Гипертония ауруының диагнозы жоққа шығару диагнозы болып табылады, яғни ГА диагнозын симптоматикалық гипертензияның барлық мүмкін варианттарының жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін қояды.
Гипертония ауруын симптоматикалық артериялық гипертензиялардан («Симптоматикалық АГ» қараңыз) ажырата білу керек. Төменгі белгілер болған жағдайда симптоматикалық артериялық гипертензия туралы күдік тууы керек: 1) науқастың жасы 20-дан жас, 60-тан үлкен;
2) тез пайда болатын және тұрақты АГ;
3) өте жоғарғы деңгейдегі қан қысымы;
4) АГ қатерлі варианты;
5) симпатикоадренал криздерінің болуы;
6) анамнезде кез келген бүйрек ауруы жөнінде мәлімет болуы және АГ екі қабаттық кезде пайда болуы;
7) АГ табылған кезде несеп тұнбасында болмашы өзгерістер мен шамалы протеинурияның болуы.
Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:
1) ГА сатысын;
2) АГ дәрежесін;
3) Қатерлік дәрежесін;
4) Қосалқы ауруларды;
5) Асқынуларды. Қосалқы ауру миокард инфарктісі немесе ми инсульті болса, ауру диагнозын тұжырымдау кезінде олар алдымен көрсетіледі де, ГА кейін көрсетіледі.
Диагноз тұжырымдаудың мысалдары:
1. Гипертония ауруы, І сатысы. І дәрежесі, қатерлігінің І (төмен) дәрежесі.
2. Гипертония ауруы, ІІ сатысы, ІІ дәрежесі, дислипидемия, қатерліктің 3 дәрежесі (жоғары).
3. ЖИА. Миокард инфарктісі, жеделше сатысы. Гипертония ауруы ІІІ сатысы, ІІ дәрежесі, қатерліктің 4 дәрежесі (өте жоғары).
4. Гипертония ауруы, ІІІ сатысы. Қатерлі АГ. Гипертониялық ретинопатия ІІ-ІІІ дәрежесі, қатерліктің IV дәрежесі (өте жоғары).
Емі. Емнің мақсаты – АҚҚ қалыпты күйге келтіру, нысана – органдарды қорғау және қауіпті факторларды жою арқылы жүрек-тамыр ауруларымен сырқаттанушылықты және өлім қаупін мүмкіндігінше азайту. Ол үшін жас және орта жастағы адамдарда, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдарда, АҚҚ с.б. 130/85 мм деңгейінде және егде жастағы адамдарда АҚҚ с.б. 140/90 мм деңгейінде ұстап тұру керек.
Барлық терапевтік емдер дәрісіз (медикаментоздық емес) және дәрімен (медикаментозды) емдеу болып бөлінеді.
Дәрісіз (медикаментозды емес) емдеу әдістеріне жататындары:
1. Емдік қоректену. Емдік қоректенудің негізгі принциптері: ас тұзын тәулігіне 5-6 г дейін азайту, қоректік тағамды калий, магний, кальциймен байыту, тағамның калориялығын азайту (диетада майлар мен көмірсуларды азайту), артық қоректенуді тию, дененің тиісті массасын сақтау немесе қалпына келтіру, тәулік бойында қабылданатын бос сұйықтықтың көлемін 1-1,5 л дейін азайту.
2. Ішімдік қабылдауды азайту немесе тию. Кейбір шетел ғалымдары эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде тәулік ішінде қабылданатын ішімдік мөлшерін еркектер үшін спирттің 30 мл-не (таза этанолдың 20-30 г дейін) дейін (арақ пен коньяктың 50-60 мл, құрғақ шараптың 200-250 мл, сыраның 500-600 мл сәйкес келеді), әйелдер үшін спирттің 10-20 г дейін азайту керек деп есептейді.
3. Шылым шегуді тоқтату. Шылым шегу АГ дамуының, ал артериялық гипертензияда ЖИА дамуының қатерлі факторына жатады. Сонымен қатар шылым шегу гипотензивтік емнің тиімділігін азайтады.
4. Денені жүйелі шынықтыру. Аэробты типті денені шынықтырулар АҚҚ төмендетеді, сол жақ қарынша гипертрофиясының дәрежесін азайтады, симпатикалы – адренал жүйесінің белсенділігін азайтады, жоғарғы тығыздықтағы липопротеидтер деңгейін көтереді, төменгі тығыздықтағы липопротеидтер деңгейін азайтады, глюкозаның қолданылуын (утилизация) жақсартады. Динамикалық жаттығулар қолданылады: велосипедпен жүру, шаңғы тебу, жаяу жүру, суда жүзу. Жаттығулармен аптасына 3-4 рет, күніне 30-40 минуттен шұғылдану керек. Денеге түсетін күшті мөлшерлегенде ұстамдылық керек және күш мөлшерін біртіндеп көтеру керек. Эмоциональдық көңілді шамадан тыс көтеретін күшті (жарыстық күш түсулер, гимнастика), изометриялық күш түсуді (ауырлықты көтеру) қолдану дұрыс емес.
5. Релаксация әдістері, аутогендік жаттығулар, стресс жағдайында науқасты өзін қалай ұстауға үйрету артериялық гипертензияда оң мәнді әсер етеді.
6. Басқа медикаментозды емес әдістерге инемен емдеу, нүктелі массаж, шиацу – терапия, физиотерапиялық емдер (гипербариялық оксигенация), фитотерапия (қара дәнді шетен, долана, сасық шөп тұнбасы; долана, сасық шөп, түгіс бұршақ жинақтары т.б.) кіреді.
Медикаментозды емес емдеу әдістерінің бәрі негізінен АГ алғашқы сатыларында қолданылады.
АГ дәрімен емдеудің басты принциптері:
  • АГ емдеуді дәрінің аз дозасынан бастау керек;
  • Дәрілердің тиімділігін арттыру, жағымсыз әсерін азайту үшін дәрілердің құрама емін қолдану керек;
  • Әсері ұзартылған дәрілердің артықшылығы болады (бір қабылдағанда әсері 12-24 сағатқа созылатын дәрілер).
Қазіргі кезде АГ емдеуде қолданылатын дәрілер алты топқа бөлінеді: -адреноблокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ ингибиторлары, ангиотензин ІІ антагонистері (рецепторлардың блокаторлары), альфа-адреноблокаторлар (17-кесте).

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Долой осеннюю депрессию! Рекомендации cosmo.ru!

Мутно-серое небо то и дело проливается дождем, в воздухе пахнет сыростью, природа увядает, а выходить из дома нет абсолютно никакого желания. Кажется, понять, почему великий русский поэт так любил осень тебе никогда не удастся. Осенью настроение меняется быстрее погоды, ты становишься раздражительнее, ленивее и хочешь только одного: чтобы тебя все оставили в покое. Если тебя ничего (и даже никто) не радует, на тебя по всем признакам напала осенняя хандра. И откуда она только взялась? Ведь в жизни ничего, вроде бы, не изменилось, кроме погоды. Вот в ней-то все и дело! К сожалению, психо-эмоциональное, а зачастую и физическое здоровье человека напрямую связано с окружающей его средой. Когда погода теплая и солнечная, сутки длинные, а природа радует глаз яркими красками, разве можно чувствовать себя несчастной? Другое дело, когда цвета вокруг тусклые, а в 7 вечера солнце почти уже закатилось за горизонт. Да и просыпаться по утрам стало сложнее: ведь даже в 8 утра на улице еще сумерки. Но

Хлоргексидин от прыщей

Хлоргексидина биглюконат – антибактериальный 0.01% раствор, который часто применяется при лечении прыщей. Обладает противомикробным действием, проникая в кожу. Уничтожает возбудителя прыщей, бактерию Propionibacterium acnes. Хлоргексидин нашел применение и в других важных областях: применяется в хирургии при чистке рук, различных хирургических предметов от бактерий, используется при профилактике венерических заболеваний. В общем, средство очень полезное и нужное. Прыщи давить нельзя ! Это база, которая поможет справиться с прыщами в кратчайшие сроки. Но если это все-таки произошло, нужно принять меры предосторожности. Если вы выдавили прыщ (допустим, что это случайно ), то, первым делом, место вокруг необходимо обработать антибактериальным раствором. Тут нам на помощь и приходит хлоргексидин. Как мы уже говорили, хлоргексидин не позволяет бактериям попасть внутрь ранки. Совет: если хлоргексидин вам чем-то не угодил, место вокруг можно обработать еще таким средством, как салициловая

Қандай бұлшықеттер буындарды құрайды, олар бірге қалай жұмыс істейді?

  Санның артқы бөлігіндегі бұлшықеттер жалпы түрде жамбас буындары деп аталады. Олар тізенің артқы жағында медиальды және латеральды көрнекті сіңірлерді құрайтын екібасты сүйектен, жартылай сіңірден және жартылай жарғақшадан тұрады. Топ ретінде бұл бұлшықеттер жамбасқа созылып, тізеде иілу үшін әрекет етеді. Қандай бұлшықеттер жамбас буындарын құрайды? Аяқ буындары - бұл аяқтың жоғарғы жағындағы бұлшықеттер тобы және олардың сіңірлері. Оларға жамбас бицепсісі, жартылай сіңір және жартылай жарғақша жатады. Сүйек бұлшықеттері қайда орналасқан? Тізе бұлшықеттері - бұл сіздің жамбасыңыздың артқы жағында жамбасыңыздан тізеңіздің астына дейін созылатын үш бұлшықет тобы. Бұл бұлшықеттер аяғыңызды денеңіздің артына созуға және тізеңізді бүгуге мүмкіндік береді. Барлық үш сіңір бұлшықеттерінің шығу тегі қандай? Барлық үш сіңір бұлшықеттері ихиальды тубероздан басталып , тізеге қарай жүгіреді. Екібасты бұлшықет бұлшық еті фибуланың басына енгізіледі. Ол аяқтың бүйір жағын кө